«Самұрық-Қазына» қорының тобындағы ұйымдар 1-ші тоқсанда отандық өндірушілермен 265 млрд.теңгеден астам келісім-шарттар жасасты

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қорының тобындағы ұйымдар 2009 жылдың 1-ші тоқсанында отандық өндірушілермен жалпы сомасы 265 млрд.теңгеден астам тауарларды жеткізуге,

жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісім-шарттар жасасты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қор басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан мөлшерді дамыту шеңберінде біз бағдарламалар жасадық. Бұл мақсатта Қордың құрамына енетін ірі компаниялар, атап айтқанда ҚазМұнайГаз, Қазақстан темір жолы, Қазатомөнеркәсіп, Қамқор жөндеу корпорациясы, Самұрық-Энерго, Қазақстан инжиниринг темір жол, телекоммуникация, электроэнергетика, машина жасау салаларында бағдарламалар әзірлеп жатыр. Бұған қоса, отандық тауар өндірушілердің тізімі даярлануда», - деді өз сөзінде Қ. Келімбетов.