«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын және коммерциялық бөлмелерді үлестіру туралы Ережесіне сәйкес, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның тұрғын үй комиссиясы «Мария» тұрғын үй кешенінен 49 пәтерді квота арқылы үлестірді. Квота мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне берілді.
«Мария» тұрғын үй кешенінің құрылысы Үкіметтің, Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру аясында -«Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қатысуымен аяқталды.
«Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұралап қалған құрылыс нысандарының құрылысын аяқтау және үлескерлердің проблемасын шешуге бағытталған дағдарысқа қарсы институт болып табылады.
Еске салайық, 2010 жылғы 30 қаңтар күні квота бойынша баспаналар «Назарбаев Университеті» АҚ, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлеріне «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінен берілген болатын.
Ал алғашқы іске қосылған «Әл-Арқа» және «Ақжайық» тұрғын үй кешендеріндегі жалдамалы пәтерлер жалпы конкурс арқылы үлестірілді.