Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде Қордың басқарма төрғасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің қадамдар халықаралық стандарттарға сәйкес келіп отыр және тиісті жұмыстарды аутсорсингке бөлудеміз. Біздің ойымызша, кадрлық жұмыстардың басым бөлігі стандартталған рәсімдер, сондықтан да барша компанияларға қызмет көрсетудің біріккен бір орталығында қызмет көрсетіледі. Мысалы, кадрлық қызметтің корпоративті орталығында бізде үш адам қалады»,-деді Шөкеев «Самұрық-Қазына» АҚ-да мемлекеттік ресурстарды қолданудың тиімділігі туралы» атты дөңгелек үстел отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, сұхбаттасу, сауалнама өткізу, тестілеу секілді барлық қалған жұмыстар орталықтандырылып іске асырылады.
«Барлық компанияларымызға осы орталықта қызмет көрсетіледі. Бұндай орталықтандырылу бухгалтерияда, қаржылық, заңгерлік бөлімдерді және ІТ салада қамтылады. Атап айтқанда, бұл халықаралық стандарт пен алдыңғы қатарлы тәжірибеге сүйене отырып жасалуда»,-деді басқарма төрағасы.
Оның атап өтуінше, бұл бағытта тиісті есептеулер жүргізілген, барлық еншіліс компаниялар бойынша бағалаулар жүзеге асырылды. Осы орайда 2020 дейін «Самұрық-Қазына» 300 млрд. теңгені үнемдеуді жоспарлап отыр.