«Самұрық-Қазына» өкілдері азаматтарға «Ақжайық» және «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің кілттерін тапсырды

АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астана қаласында «Жылжымайтын мүлік қоры», «Самұрық-Қазына» қоры және «Жылжымайтын мүлік қоры менджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері жалға алушы азаматтарға «Ақжайық» және «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің кілттерін тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шара «Жылжымайтын мүлік қоры» қаржысының қатысуымен салынғын тұңғыш нысандардағы жалға берілетін пәтерлерді таратудың қорытынды кезеңі. Пәтерлерді жалға беру арқылы сатып алу әдісін таңдаған 249 отбасы қоныс тойын тойлайтын болды.

Шараға «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басшылары, жергілікті атқарушы органдар мен «Нұр Отан» партиясының және «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты. Жаңадан қоныстанып жатқан отбасылар үшін «Жылжымайтын мүлік қоры менеджмент» серіктестігі ұйымдастырған «Жан ұям» атты арнайы бағдарламасының тұсаукесері өтті. Аталмыш бағдарлама аясында жеңілдіктер мен бонустар жиһаз, тұрғын үй техникасы мен құрылыс материалдарын сатып алуға болады.

Тұрғын үйлерден тыс «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорына» тиесілі коммерциялық кеңселерді айналымға шығару процесі басталды. «Ақжайық» және «Әл-Арқа» тұрғын үйлеріндегі кеңселер шағын және орта бизнес өкілдерінің қолданысына дайын. Мұндай жобалар іскер топ өкілдеріне жасалған жаңа мүмкіндік.

2010 жылдың аяғына дейін Жылжымайтын мүлік қоры Астана қаласында орналасқан 6 тұрғын үй кешендерін қолданысқа беруді жоспарлап отыр.