«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, форумда даму институттарының Қазақстан экономикасын қолдау шараларының қорытындылары: не істелінді, экономикаға қалай әсер етті, әрі қарай жұмысты жандандыру үшін не істеу керек деген сауалдар бойынша талқылаулар болады. Шараға белгілі экономистер мен сарапшылар, оның ішінде даму институттары жұмысын сынап жүрген сарапшылар, бизнес қауымдастықтың даму институттарымен жұмыс істеп жүрген өкілдері қатысады. Қор тарапынан: Басқарушы директор-Басқарма мүшесі Қайрат Айтекенов, «Қазақстан Даму банкі», «Kazyna Capital Managment», «Даму» кәсіпкерлікті Дамыту Қоры», «Kaznex» экспортты шығаратын корпорациясы, «Қазақстан Инвестициялық Қоры» басшылары қатысады.
20:34, 16 Сәуір 2010
«Самұрық-Қазына» тобының құрамына кіретін даму институттарының атқарған шаруаларына арналған шара өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Сәуірдің 19-ы күні Астанада «Самұрық-Қазына» қоры тобының құрамына кіретін даму институттарының атқарған шаруаларын қорытындылаған дөңгелек үстөл өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.