«Самұрық-Қазына» топ-менеджментті ауыстырмайды, оларды оқытатын болады - Ө. Шөкеев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» топ-менеджментті ауыстырмайды, оларды оқытатын болады. Бүгін «Қазпошта» АҚ директорлар кеңесі, акционерлері және қызметкерлерімен өткен кеңесте «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті.

«Басты фактор - бұл адамдар. Біздің кадрлық құрамды жаңғыртуға әр түрлі қадам жасауға болады. «Темасек» («Temasek» - Сингапурдың мемлекеттік холдингі) өзінің кадрлық саясатын бүкіл әлем бойынша ашық жүргізді, ал трансформациядан кейін оларда топ-менеджменттің 40 пайызын шетелдіктер құрады. Олар сапаны арттыру үшін бұған саналы түрде барды. Ал бұл тәжірибе «Казанах» («Khazanah Nasional Bhd» - Малайзия Инвестициялық қоры) қорында 20 пайызды құрады. Біз өзімізге «Казанах» тәжірибесі жақын деп санаймыз. Сонымен қатар, біз адамдарды ауыстыруды емес, оларды оқыту мүмкіндігін қарастырамыз», - деді Ө. Шөкеев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық оқыту бағдарламалары қайта қаралып, корпоративтік университет құрылып, батыстық білім алған мамандар тартылуда.