«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ бөлген депозиттерді орналастыруға қатысты келіссөздер аяқталды
15:13, 29 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовті, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үміт Шаяхметованы және «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы Нина Жүсіпованы қабылдады,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Үкіметтің баспасөз қызметінен.Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ бөлген депозиттерді «Халық банкі» мен «Қазкоммерцбанкке» орналастыруға қатысты келіссөздер аяқталды.Банктер өкілдері 2 млрд.$ сомасындағы (әрқайсысына 1 млрд.$) бөлінген қаражатты орналастыруға толықтай дайын екендіктерін мәлімдеді.
Қосымша қаржылық ресурстардың бөлінуі қаржы жүйесін тұрақтандыруға ықпал етіп, төлем қабілетін арттыруға және экономиканың нақты секторына бағыттауға арналған.Премьер-Министр банктерге бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, экономиканы жандандыруға бағытталу керектігін айрықша атап өтті.