Бұл туралы бүгін аталған қордың 2012-2022 жылдарға арналған дамуының незгі стратегиялық бағыттарына арналған дөңгелек үстел барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев айтты.
«Қазіргі уақытта қор дағдарысқа қарсы міндеттерін жүзеге асыруды аяқтап, мемлекеттік активтердің құнын барынша көбейту арқылы елдің әл-ауқатын арттыратын қордың стратегиялық холдинг болып табылуына орай оны құру кезіндегі даму моделіне қайтып оралуда. Бұл ретте Үкімет пен Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді ескере отырып, капиталдың тиімді қайтарылуын қамтамасыз етеді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, қор таяудағы онжылдыққа өзінің дамуының үш стратегиялық бағытын айқындап отыр. Бірінші стратегиялық бағыт қор компаниялары арасынан «ұлттық чемпиондарды» қалыптастыруға негізделген. Ал екінші бағытта ұлттық экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға жәрдемдесу, ал үшіншіден әлеуметтік жауапкершілік мәселесі көзделген.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың қызмет аясы қаржы, пайдалану қазбаларды өндіру, көлік инфрақұрылымынан бастап, фармацевтика мен телекоммуникацияға дейінгі экономиканың барлық саласын қамтиды. Ішкі жалпы өнімнің шамамен 40 пайызы осы қорға тиесілі.