деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық‑Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жиында «Самұрық-Қазына» Қорының ұзақ мерзімді даму стратегиясына қатысты шаралар талқыланды. Бұдан басқа, Қазақстан экономикасының дамуындағы стратегиялық міндеттерге сай, Қор жұмысының тиімді және қарқынды жұмыс істеуі үшін аса маңызды құжаттар қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, қаржы секторын тұрақтандыру, шағын және орта бизнес пен жылжымайтын мүлік нарығындағы қиындықтарды шешу үшін Ұлттық Қордан бөлінген қаржыны пайдаланудағы қорытындыларға қатысты мәселелер талқыланып, ескерілетін жайттар да назардан тыс қалмады», делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.