17:25, 21 Мамыр 2009
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компаниялары директорлар кеңестері құрамында өзгерістер болды
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының 2009 жылғы мамырдың 21-індегі шешімімен «Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Асқарұлы Құлыбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.