«Біздің барлық қызметкерлеріміз өтетін рекрутингтің 8 кезеңі ұжымға кездейсоқ адамдардың кіріп кетуіне жол бермейді. Міне адамдарға қатысты осындай әдіс бар», - деді ол.
Шөкеевтің айтуынша, қор өзіне қарасты компаниялар тобының барлық 300 мың қызметкерін халықаралық стандарттар бойынша бірден оқытуды алдына мақсат етіп қоймайды. Компания жұмысының тиімділігін айқындайтын 1 500 лауазым іріктеп алынған. Бұл лауазымдар компанияның негізгі мақсатына байланысты сараланатын болады. Егерде компанияның негізгі мақсаты құнын арттыру болса, онда барлық лауазымдар маңыздылығна қарай реттеледі. Осылайша, тау-кен металлургия департаментінің менеджері әкімшілік департаменті директорынан жоғары тұруы әрі үлкен жалақы алуы ықтимал.