«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жеке кеңесшілер тартуға қатысты түсініктеме берді
«Қордың және қордың компаниялар тобының кеңесшілерді өте жиі шақырады деген сынын жиі естиміз. Бірақ, мұның кез келген коммерциялық компания үшін әдеттегі тәжірибе екендігін атап өткім келеді. Бұл ретте қор да, қордың компаниялар тобы да трансформация бағдарламасын жүзеге асырудың қарқынды кезеңінде тұр. Біз сараптамалар жоқ салаларға кеңесшілер тартамыз», - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қордың қаржы және операциялар жөніндегі уақытша басқарушы директоры Ернар Жанәділ.
Оның айтуынша, кеңесшілер шақырылмастан бұрын аталған консультациялық қызметтің қайтарымы, тиімділігі қандай болмақ деген мәселелер бағаланатын болады.
«Қорда жеке жұмыс тобы, комиссия бар. Олар барлығының толықтай зерделеп, қандай да бір оң қайтарым болатындығын дәлелдегеннен кейін ғана біз аталған консультациялық қызметтерді бюджетке енгізіп, сатып алатын боламыз», - деді Жанәділ.
Сонымен қатар ол бұл мәселе қор төрағасының үнемі бақылауында тұратындығын да баса айтты.
«Бізді үнемі тексереді, бөлінген қаржының, яғни консультациялық қызметтерге кеткен қаржының қайда және қалай жұмсалғанын тексеретін ішкі аудит қызметі де бар. Тіпті таяуда Есеп комитеті тексеріп кетті. Олардың ескертпелері әр уақытта да ескеріледі», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, консультациялық қызметтерге кететін шығындардың көлемі жалпы әкімшілік шығыстардың 7-8 пайызын құрайды.
«Бірақ мұның аз екендігін айта аламын. 2016 жылы егер 2015 жылмен салыстырғанда шамамен 45 пайызға дейін төмендетілді. Біз шығыстар өсімін ұстап тұруға немесе оңтайландыруға тырысамыз», - деді басқарушы директор.
Айта кетейік, 2016 жылғы қордың жалпы әкімшілік шығыстары 345 млрд. теңгені құраған болатын.