«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы және Жылжымайтын мүлік қоры Самұрық-Қазына АҚ-ның құрылыс нысандарына инспекция жүргізді

None
АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Мереке күндері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қ.Келімбетовтің басшылық етуімен Жылжымайтын мүлік қоры «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаражаты есебінен құрылысы жалғасып жатқан тұрғын құрылыс нысандарына инспекция жүргізілді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ы, Астана қаласының әкімдігі және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры өкілдерінен құралған делегация дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қабылданып жатқан жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға мониторинг жүргізу мақсатында Астана қаласында келесі нысандар аралап шықты: «Сказочный мир» ТК, «Астана Жұлдызы» ТК, «Инфинити» ТК, «Ишим» ТК, «Caspian Palace» ТК және «Городской романс» ТК. Бітірілген нысандар «Мария» ТК және «Северное сияние» ТК. Іс-сапар барысында құрылыс, сонымен қатар үлескерлер проблемаларын шешуге назар аударылды.

2010 жылғы тамыздың 1-індегі жағдай бойынша Жылжымайтын мүлік қорымен 27 нысанға құрылыс аяқтау үшін жалпы сомасы 90, 47 млрд.тенгеге келісім-шарттарға қол қойылды, соның ішінде 24 нысан Астана қаласында 69,67 млрд. теңге, 2 нысан - Алматы қаласында 4,75 мрлд. теңге, 1 нысан - Алматы қаласының аймағында орналасқан.

Қол қойылған келісім-шарттар барысында 2010 жылы 1502 үлескерлердің проблемалары шешіледі, Жылжымайтын мүлік Қоры арқылы 125,1 мың ш.м. жалпы алаңы сатып алынады - 2902 пәтер (Жылмайтын мүлік Қорының 958 пәтері).

Екі нысанның (Әл-Арқа ТК - 153 пәтер және Ақжайық ТК 96 пәтер) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пәтерлері таратылды.

Сондай-ақ, Жылжымайтын мүлік қоры жалпы сомасы 43,7 млрд. теңге болатын 8 нысандарды қарастыруда. Нысандардың көбісі 2010-2012 жылдардың арасында беріледі, 2010 жылы өзінде 8 нысан және 4 нысанның 4 кезегін бітіру жоспарланған.

Қаржыландырған нысандардың сипаттамасы және ағымдағы қалпы корпаративтік веб-сайтта орналасқан.