"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов пен аталмыш университтетің ректоры Әли Әбішов құжаттарға қол қойды. Меморандум университет жанынан біріккен ғылыми-зерттеу мен консалтингті орталық құруды, магистранттар мен докторанттарды дайындаудағы инновациялық білім беретін бағдарламаларды, отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып ғылыми конференцияларды ұйымдастыруды қарастырмақ.
Құжатқа қол қоюдағы мақсат - екі жақтың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, өзара ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.