«Самұрық-Қазына» Жаңаөзенде 16 жобаны іске асырады
18:18, 01 Наурыз 2012
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жаңаөзен қаласын дамыту бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» 16 жобаны іске асыруды көздейді.
Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің хабарлауынша, оның ішінде мұнай қондырғыларын жөндеу, шағын мұнай өңдеу зауыты, мұнай құю терминалы, мұнай-теңіз операцияларын қолдау базасы, кеме жөндеу зауыты сияқты іргелі жобалар бар.