Есеп беру кезеңінде Қор 881 млн. теңге көлемінде таза кіріс алған немесе жоспарланған мөлшерден 2 пайызға жоғары. Қор шығындары, соның ішінде, әкімшілік шығындар 23 пайызға, қаржылық шығындар 18 пайызға төмендеген.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша салушылар тапсырысы бойынша жобаларды жүзеге асыру механизмі аясында 6 инвестициялау келісімі жасалған: Алматы облысында («Асыл Арман» ТК (бірінші кезекте), «Асыл Арман» ТК (екінші кезекте); Астана қаласында «Шығыс» ТК; Алматы қаласында «Заманауи тұрғын үй кешені» ТК; Тараз қаласында «Маяковский көшесі, 42» ТК және Ақтөбе қаласында «ЮнисСити» ТК.
Тұрғын үй құрылысына тартылған жекеменшік инвестиция үлесі жасалған инвестициялау келісімшарттары бойынша 25,6 пайызды құрады.
Жасалған келісімшарттар бойынша салынған нысандардың жалпы аумағы 578 мың шаршы метрді құрады, соның ішінде тұрғын үй кешені 412 мың шаршы метр немесе 7 464 пәтер, оның 5756 пәтері немесе 315,5 мың шаршы метрі Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі, сонымен қатар бос орын 6,5 мың шаршы метрді құрап отыр.
Жылжымайтын мүлік қорында қазіргі таңда 16 тұрғын үй кешенінің құрылыс жобасы қарастырылып жатыр. Жалпы аумағы - 313,2 мың шаршы метр.
Сонымен қатар Жылжымайтын мүлік қоры Бағдарламаны жүзеге асыру аясында жергілікті үй салушыларды сатып алу мен құрылыс саласында кадрлар дайындау сұрақтарына аса зор мән беріп отыр. Жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша тапсырыспен үй салушылардың үлесі 70 пайызды құрайды.