Конкурс нәтижелері бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясында лауреат атанды.
Сарапшылар комиссиясы есептіліктің сапасын жылдық есептің ақпараттық мазмұндық толықтығына және пішімінің үздік әлемдік тәжірибеге сәйкестігіне қарай бағалады. Есептердің мазмұны бес негізгі өлшем бойынша талданды, соның ішінде: нарықтағы орны, бизнес стратегиясы, баға құру жөніндегі қызметі, орнықты даму және нысанды ақпараттың болуы.
«Эксперт РА Казахстан» рейтинг агенттігі сарапшыларының пікірі бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жылдық есебі ақпараттық және мазмұндық толықтығымен ерекшеленеді, онда компанияның қызметі айқын көрсетіліп, жекелеген өлшемдер бойынша Қазақстандағы корпоративтік есептілікті дайындаудың үздік тәжірибесі ұсынылды. Есеп GRI (3.1-нұсқа) талаптарына және қаржы қызметтері секторына арналған салалық қосымшаларға сәйкес дайындалған («С» қолдану деңгейі өлшемдеріне сай). Жылдық есепте компанияның стратегиялық мақсаттары, жұмыстың негізгі көрсеткіштері көрсетіліп, қаржылық талдау берілген, қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері айқын көрініс тауып, үздік тәжірибеге сәйкес корпоративтік басқару туралы ақпарат келтірілген, орнықты даму аспектілері туралы ақпарат ашық көрсетілген.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жылдық есебінде 2013 жылға арналған даму келешектері баяндалған, қазақстандық компаниялардың көбінің есептерінде бұл жетіңкіремейді. Есептіден кейінгі жылға арналған Қордың жоспарлары нақтыланған және сандық нысаналармен берілген. Сондай-ақ нарыққа шолу мықты жасалғанын айтып өткен жөн: компания қызметін жүргізетін саланың негізгі көрсеткіштері толық ашылған, басты факторлар, соның ішінде салаға әсер ететін макроэкономикалық факторлар айқындалған, - деп атап көрсетті «Эксперт РА Казахстан» бас директоры Әділ Мамажанов.
Жоғарыда аталған номинациялардан басқа IIІ Жылдық есептер конкурсында «Қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп», «Дизайн және полиграфия» және «Үздік интерактивті есеп» сияқты номинациялар болды.