«Енді әрбір құжат өңделеді және өтініш берушінің бағдарламаның шарттарына сәйкестігі, бұрын кезекке тұрған кездегі санатының болуы тексеріледі. Содан кейін биыл пайдалануға берілетін пәтерлерге ие болатын үміткерлердің тізімі жасалады», - дейді Басқармадағылар.
Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламаның осы бағыты бойынша 678 пәтерді тапсыру көзделген. Пәтерлерді үлестіру екі бағыт бойынша жүргізіледі:
- сатып алу мүмкіндігімен жалға алу (169 пәтер). Тұрғын үй 15 жыл мерзімге беріледі. Сатып алу кезінде ай сайынғы жалға алу төлемдері пәтердің жалпы құнынан шегеріледі. Бағдарламаның шарттарына сәйкес, адамдар алдымен өздерінің төлеуге қабілеттілігін тексеру керек. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының сайтында арнайы калькулятор жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар арендалық баспана үшін төлей алатын ай сайынғы ең көп төлем сомасын анықтай алады.
- тікелей сату (509 пәтер). Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 180 мың теңгені құрайды.