«Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялар қор нарығына шығарылатын болады - Қ.Келімбетов

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Келесі жылдан бастап біз «Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларының акцияларын Алматы өңірлік қаржы орталығының қор нарығына шығаруды қарастырып отырмыз. Бүгін Астанада өткен ұлттық компаниялар басшыларының I-ші Инновациялық саммитінен кейін журналистерге сұхбат берген «Самұрық - Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төрағаның сөзіне қарағанда, бұл Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың берген тапсырмасы бойынша «Самұрық - Қазына» қорының инновациялық-техникалық саясатына кіретін негізгі басымдық болмақ. «Осы құжаттың жобасы қыркүйек айында өтетін директорлар кеңесінде талқыланады» , - дейді Қ.Келімбетов.