Комитет төрағасының айтуынша, заңсыздық жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сатып алу шараларынан анықталған.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алу шараларына жеңіл өнеркәсіп өнімдерін сатып алу мысалында талдау жүргізілді. Біздің ойымызша, заң бұзудың орасан мөлшері әшкере болды – мысалы, Ұлттық стандарттау жүйесінің сертифакаттары болмаған, сертификаттардың сатып алынған тауарға қатысы болмай шыққан, кейде тіпті техникалық сипаттамада шетелдік фирмалар тікелей жазылған. Материалдар Үкіметке жолданды», - деді комитет басшысы.