Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Осы отырыстың барысында 2012 жыл қорытындыланып, 2013 жылға деген қордың негізгі міндеттері айқындалады деп күтілуде»,-деді А. Әбибуллаев.
Белгілі болғанындай, отырыстан кейін «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингі жоспарланып отыр.