«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, биржаға 2015 жылдың 31 желтоқсанында жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді:
ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы № 1113 қаулысымен
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгертулер енгізіліп, осы өзгертуге сәйкес ҚР Президентінің көмекшісі ретінде Смайылов Әлихан Асхатұлы және тәуелсіз директор ретінде Дэкампа Оливье Эдуард Эммануэль кіргізіліп, сондай-ақ келесі тұлғалар: Е.Т. Орынбаев және
Н.Д. Стейплтон шығарылды», деп хабарлады еліміздің қор нарығы.