«Самұрық-Қазынаның» қаржы үнемдеу бағдарламасы ҮИИДМБ жобаларын қаржыландыруды қысқартпайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қорының қаржы үнемдеу шаралары аясында ҮИИДМБ және «Нұрлы жол» бағдарламалары жобаларына қатысты қаржыландыру қысқартылмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев мәлім етті.

«Атап айтқанда, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына, «Нұрлы жол бағдарламасына енгізілген немесе «ЭКСПО-2017» аясындағы жобаларды жүзеге асыру тоқтатылмайды», - деп нақтылап өтті Б. Бейсенғалив.

«Қаржыны үнемдеу бағытында елеулі жұмыс атқарылып, біздің барша еншілес бөлімшелердің даму жоспарлары қайта қарастырылды. Нәтижесінде, компаниялар тобы бойынша ағымдағы шығыстар 405 млрд. теңгеге қысқарады. Жалпы әкімшілік шығыстар 55 млрд. теңгеге, капиталды салу 18 пайызға, яғни 235 млрд. теңгеге қысқаруда. Соның ішінде инвестициялық бағдарлама бойынша кейбір жобалар уақытша тоқтатылады немесе белгілі бір мерзімге кейінге шегеріледі. Олар жүзеге асырудың белсенді кезеңінде емес»,-деді ол.

Осы орайда Б. Бейсенғалиев «ҚазМұнайГаз» компаниясы бойынша жанар-жағармай құю желілерінің құрылысы кейінге шегерілетіндігін жеткізді.