Балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері тұратын «Жас Қанат» пен «Жас Ұрпақ» жастар үйлерінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру бойынша жұмысты қорытындылаған «Самұрықтың» көшбасшысы Әділет Елеуісов, «Самұрық» олар үшін бес ай бойы табысты кәсіпкерлермен және танымал қоғамдық қайраткерлермен кездесулер ұйымдастырғанын атап өтті.
Бұл кездесулер нәтижесін беріп үлгерді. Жастар үйінің бірнеше тұрғыны ағылшы тілінің тегін курстарына бара бастады, өйткені жақсы білім - табысқа жету шарттарының бірі. Басқалары кәсіпорындар мен ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтіп, таңдаған мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Қатысушылардың барлығы Павлодардың «Encarta group», «Ocean», жастар шығармашылық ұжымдарымен, «X Factor» тележобасының жұлдызы Роза Мұқатаевамен кездесуде болып, концерттерін тамашалады.