Оқиғаны көзбен көргендердің хабарлауынша, 300 метр биіктікке көтерілген жарылыстан кейін жалын басталған. Жергілікті халықтың жартысы өрт салдарынан қауіпсіз жерлерге көшірілді. Жарылыс не сепбепті болғаны хабарланбады. Сондай-ақ, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы да ақпарат әзірге берілген жоқ.
13:47, 10 Қыркүйек 2010
Сан-Франциско әуежайының маңында жарылыс болып, соңы өртке ұласқан
АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Сан-Франциско халықаралық әуежайынан бірнеше шақырым жерде орналасқан американдық Калифорния штатының Сан-Бруно қаласында ірі өрт оқиғасы орын алды. Қатты жарылыстан кейін кемінде он үй бірден отқа оранған, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.