Апат салдарынан шамамен 130 мың тұрғын үй мен кәсіпорын электр энергиясынсыз қалды, көптеген кварталдар толықтай қараңғылыққа бөленді.
Электрмен жабдықтаудағы үзілістерге байланысты бірқатар мейрамхана мен дүкендер жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Сондай-ақ қоғамдық көліктің қозғалысында іркілістер туындап, кейбір станцияларда қызмет көрсету уақытша тоқтатылды.
Сан-Францисконың төтенше жағдайларды басқару департаменті қала бойынша көлік қатынасында қиындықтар бар екенін хабарлап, тұрғындарға қажетсіз сапарлардан бас тартуды ұсынды.
Бұған дейін Доминикан Республикасында да ауқымды электр қуатының өшуі тіркеліп, ол ел астанасы Санто-Домингоны, Пунта-Кана курортын және өзге де өңірлерді қамтығаны хабарланған болатын.