Ондаған жылдар бойы су қоймасы химиялық және улы қалдықтарға толы су жіберілетін орын болған. Белландер көлі елдегі ең лас және улы су қоймасы болып танылған. Алайда жергілікті биліктің кем дегенде 156 миллион доллар тұратын тазарту жүйесін салуға қаражаты жоқ.
Көшелерді басқан көпіршіктің құрамында майлар, жуғыш құралдар, майлайтын және өзге де химикаттар бар, сондықтан ол жақсы өртенеді. Өрт болу үшін тіпті темекі тұқылын тастау да жеткілікті. Ал теріге тиген көбік түрлі бөртулер мен аллергияға соқтырады. Жергілікті тұрғындар бастарының жиі ауырып, айналатынына, асқазандары, сондай-ақ тыныс алу жолдарының проблемалары бойынша жиі шағымданып отыр.