Сән, музыка, өнер мен этнолайфстай: Астанада Nomad fest мәдени фестивалі өтті

АСТАНА. KAZINFORM — 23-24 тамыз күндері елордадағы MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы ерекше мерекелік атмосфераға бөленді. Мұнда сән, музыка, өнер мен этнолайфстайлды біріктірген NOMAD FEST мәдени фестивалі өтті.

Фото: MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы

Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүр мен заманауи өнер ұштасқан мазмұнды бағдарламаға куә болды.

Фото: MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы

— Фестиваль аясынды отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі ұйымдастырылып, GlobalNomads, Adili, Urpaq сынды брендтер өз коллекцияларын көпшілік назарына ұсынды, — делінген хабарламада.

Ұлттық киноны дәріптеген ашық ашпан астындағы «Жау жүрек мың бала» кинокөрсетілімінде белгілі актерлер Алтынай Нөгербек пен Тілектес Мейрамов көрермен мен өнердің арасын жалғаған рухани көпірге айналды.

Фото: MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы

Бұған қоса, шеберлік аймақтарында келушілерге ұлттық дәстүрге негізделген шаш өру өнері мен табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын әзірлеудің қыр-сыры үйретілді.

Фото: MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығы

— NOMAD FEST — дәстүр мен заманауи өнерді тоғыстыратын жаңа мәдени алаң. Оның басты мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, оларды өнер мен мәдениетке баулуға ықпал ету, — дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль Астананың мәдени өмірінде есте қаларлық оқиғаға айналды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада Қытайдың Жапон басқыншыларына қарсы жеңісіне арналған фотокөрме ашылғанын жазған едік.