Телеарнаныңмәліметіне сәйкес, бетперде киген бес қылмыскердің атыс қаруы болмаған. Әуеайлағының аумағына өту үшін олар арнайы сигналмен жабдықталған елдің федералдықполициясының түсімен бірдей автокөліктерді пайдаланған. Көліктердің бірітерминалдың аумағына кіру жолын жауып тастаған, сол уақытта қарақшылар екіншікөлікпен ғимаратқа кіріп, күзет бастығымен бірге инкассаторлық автокөліктітұтқынға алған. Оқиға орнынан жасырынған қылмыскерлер көліктерін тастап, жеделжәрдемге отырып кеткен. Полиция қарақшыларды іздеумен айналысып жатыр. Алайдаәуе айлағы аумағында тікұшақты пайдалану мүмкін болмағандықтан, іздестіружұмыстары оңайға соқпауда.
08:18, 26 Шілде 2019
Сан-Паулу әуежайынан бір тоннаға жуық алтын ұрланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияда бір топ қарулы адам халықаралық Сан-Паулу әуежайының жүк терминалының қоймасынан шамамен бір тонна алтын ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Globo телеарнасына сілтеме жасап.