Сан-Паулуда 8 футбол жанкүйерін атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-паулу қаласында футбол жанкүйерлері клубында болған атыстан 8 адам мерт болды, деп хабарлады «ВВС» агеттігі Бразилия полициясы ақпаратына сүйене отырып.

«Коринтианс» командасының жанкүйерлері алдағы матчқа байланысты баннерлер әзірлеп жатқанда ғимаратқа қаруланған адамдар баса-көктеп кірген. Олар 7 адамды жерге жатқызып, атып салған. 8-ші адам қашып бара жатқанда оққа ұшқан. Полиция таратқан ақпаратта оқиғаның есірткі саудасына қатыстылығы да айтылған.