Сан-Паулудағы жарылыстан 10 ағылшын жанкүйері зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Әлем чемпионаты өтіп жатқан Бразилияның Сан-Паулу қаласында жергілікті бұзақылар ағылшын жанкүйерлері отырған аумаққа жарылғыш зат тастап, салдарынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды Goal интернет басылымы.

Олардың бәрі де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бірнеше бұзақы полицияның қолына түсті. Оқиға Англия-Уругвай матчына бірнеше сағат қалғанда орын алған.