Санатәлі Төлтаев Астанада өтіп жатқан жарыста Жандос Қыдыралиевтен жеңілді

Боксшы Санатәлі Төлтаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Спартакиадасында жеңіліс тапты. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Sports.kz

63,5 келіге дейінгі cалмақтағы жекпе-жекте Төлтаев Жандос Қыдыралиевпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңілді.

Төлтаев Қазақстан құрамасы сапында соңғы екі әлем чемпионатында 2021 (Сербия, Белград) және 2023 жылдары (Ташкент, Өзбекстан) өнер көрсетті.

Қазақстан Спартакиадасы 19 қарашаға дейін жалғасады. Жарыс Beeline Аренада өтіп жатыр.