Санаулы уақыттан соң Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылады
14:36, 26 Желтоқсан 2013
БАЙҚОҢЫР. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Онда «Протон-М» зымыран тасығышының бастапқы ұшыру кешеніндегі үш күндік зерттеулердің нәтижесі қаралды.
Ресей ғарышы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жетекшілердің ғарышқа ұшыруға арналған және жерүсті ғарышинфрақұрылымы құралдарының дайындығы жөніндегі жұмыстар жайлы баяндамалары тыңдалып, мемлекеттік комиссия зымыран тасығышқа тотықтырғыш пен жанар-жағармай құю керек деген шешім қабылдады.
«Протон-М» зымыран тасығышы мен «Экспресс-АМ5» ғарыш аппаратын бүгін, 26 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағының бастапқы ұшу кешенінің 81 алаңынан Астана уақыты бойынша 16:50-де ұшыру жоспарланып отыр.