«2014 жылдың бірінші жарты жылдығында санитарлық авиация арқылы 880-нен астам рейс орындалып, 1150-ден артық медициналық көмек және 230 консультативті қызмет ұсынылды. Барлығы 840 науқас тасымалданып, 74 науқасқа ота жасалды» делінген хабарламада.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, республикалық санавиация орталығы арқылы Сингапур, Ұлан-Батыр, Дубай клиникаларында ауыр халде жатқан отандастарымыз Астана мен Алматы қалаларында емдеуге тасымалданған.
Экипаж мүшелерінің кәсіби дайындығын да атап өту керек. , "Олар ұшу алаңы болмаған жерлерде де сәтті қонып, ұша білді", - деп жазды primeminister.kz.