Санавиация ауыр халдегі сәбиді Қызылордадан Алматы қаласына жеткізді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Санавиация өздігінен демала алмайтын туғанын бес күн болған ауыр халдегі сәбиді шұғыл түрде Қызылордадан Алматы қаласына жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктіңбаспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1987 жылғы Қазақстан Республикасының азаматыөкпесіне жасанды желдеткіш аппараты қойылған бес күндік баласымен шұғылтәртіпте ҚР санитариялық авиация желісі бойынша Қызылорда қаласынан Алматықаласына жеткізілді.

«Сәби 27 шілдеде туабіткен жүрек кемістігімен ауыр жағдайда дүниеге келген. Босанғаннан кейінгікезеңде жаңа туған нәрестеге жағдайын тұрақтандырғанға дейін қажеттімедициналық көмек көрсетілді. Операция жүргізу үшін нәресте анасымен біргеАлматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына санитарлықавиацияның күшімен жеткізілді. Мұндай қажеттілік нәресте денсаулығының ауыржағдайына және медициналық мекемеде операция жүргізу үшін жағдайлардыңболмауына байланысты туындады», делінген хабарламада.

Жаңа туғаннәрестелерді авиатасымалдау пациенттің жағдайын тез арада тұрақтандырудықамтамасыз ету, бүкіл ұшу уақыты ішінде ағзаның өмірлік маңызды функцияларынамониторинг жүргізу және қажеттілік туындаған жағдайда кезек күттірмейтініс-шараларды көрсету үшін маңызды. Бұл ретте әуе кемесінің бортында қажеттімедициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің болуына ерекше назар аударылатынынескеру қажет.

Айта кетерлігі, 2019жылдың бірінші жарты жылдығында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО)медицина мамандары 1 285 ұшуды орындаған, 1 739 медициналық қызмет көрсеткен, 1550 пациентке көмек көрсеткен.

ҰШМҮО көбінесеқанайналым жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға, жазатайым жағдайлар,уланулар және жарақаттар алу кезінде, жаңа туған нәрестелер мен жас балаларда жасындағыпатологиялар кезінде, сондай-ақ кезек күттірмейтін акушерлік жағдайлар кезіндемедициналық көмек көрсетеді. 2019 жылғы 6 айда патологиялық аурулары барнәрестелер жалпы пациенттер санының 11,7% құрады.

Соңғы жаңалықтар