Санавиация жол апатынан зардап шеккен әйелді Теміртаудан Астанаға жеткізді
17:39, 06 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Санитариялық авиациясы Теміртаудағы жол апатынан зардап шеккен әйелді Астанадағы ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«1976 жылғы науқас жол апатында көптеген жарақаттар алып, Теміртау қаласының Орталық ауруханасына жеткізілді. 2018 жылы 5 қыркүйек күні 15:00-де науқас арнайы медициналық көмек көрсету үшін Астанадағы №2 қалалық ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Ұшу кезінде науқасқа санитариялық авиацияның мобильді бригадасы қарап отырды», - деп мәлімдеді республикалық санитариялық авиация орталығының баспасөз қызметі.
Facebook пайдаланушысы Диана Снегинаның айтуынша, науқасқа бірнеше минуттардың ішінде шұғыл медициналық көмек көрсетілген.
«Тікұшақ - медицина қызметтерін көрсетудің таптырмас құралы. Жуық арада бұл қалыпты жағдайға айналады деп үміттенемін», - деп жазды ол.