Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG мен Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға не кедергі екенін айтып берді, деп жазды Sports.kz.
«Олар рингке шығып, қолғап түйістірмейінше айқас болмайды. Бір жылдан кейін немесе одан да аз уақытта бұл күн туады деп үміттенемін. Бұл айқасты көруді армандаймын. Канело - өте талантты боксшы. Мұны сөзбен айтып қана қоймай, іспен де дәлелдегені жөн. Ең бастысы, Канело мен Головкиннің келісім беруі, себебі бәріміз соларға жұмыс істеудеміз. Менің ойымша, жекпе-жектің ең басты тосқауылы Оскар (Де Ла Хойя), ол Канелоның Головкинді жеңетініне 100% сенімді емес. Канелоның өзі сенімді, ал Оскардың көзқарасы басқа. Оған Канело өз қабілетін дәлелдесе ғана, тамаша жекпе-жек көре аламыз», - деп Boxingnews24.com бапкердің сөзін келтірді.