«Головкин - ол бүгінгі күннің Чавесі ме? Біз Геннадиймен алғаш жұмыс істей бастаған кезде мен оған Чавес пен Эдвин Росарионың жекпе-жегін көрсеттім. Сол кезде мен: «Маған 3 жыл беріңіздер, ол осы кезең ішінде Хулио сияқты бокстасатын болады және орта салмақтың үздігі атанады!» деген болатынмын. Хулио қатты панчер болған жоқ, ал Головкиннің қарсыластарын нокаутқа жіберуге күші жетеді»,- деді Санчес The Fighters Voice-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Геннадий Головкин рингке мамыр айында қайта оралып, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш өткізуді жоспарлауда.