Санчес Головкинді ең дарынды шәкіртім деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес GGG оның қамқорлығындағы спортшылардың ішінде ең дарынды екендігін және оның жаттығу кезіндегі талапшылдығы мен тәртібін айтып өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

80-90 жылдары Санчес бірінші орта салмақ  дәрежесіндегі бірнеше тұжырымдар бойынша бұрынғы әлем чемпионы америкалық Терри Норриспен жұмыс істеген.

«Терри Норрис - даңқты боксшы, ол көптеген титулдарды жеңіп алды, бірақ мен өзім жаттықтырғандар ішінде ең мықтысы Геннадий деп есептеймін. Ал оның  дарындылығы жайлы не ойлайтындығым айтпасам да түсінікті болар. Біз оны барлық айбындылығымен әлі де көрген жоқпыз деп есептеймін. Залда ол өзін тұтастай жаттығуға арнайды. Бір сәт бос жүрмейді. Әр залдың өз көшбасшысы бар, басқа спортшылар Геннадидің қалай жаттығатындығын мойындайды. Сонысымен ол GGG», - деді Санчес Reviewjournal.com-ге берген сұхбатында.