Санчес Головкиннің «Канелодан» басты артықшылығын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бапкер Абель Санчес Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альварестен артықшылығы неде екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz .

«Джейкобс рингке (Головкинге қарсы) шыққанда, ол Головкиннен 20-25 фунтқа ауыр болды. Әрі оның бойы ұзын. Бәрі соның ыңғайына келді. Ал «Канелоның» бой кішірек. Мүмкін оның қимылы ширақ, тәсілдерді сәтті орындайтын шығар, бірақ оның бойы кішкентай. Головкин ірірек, сондықтан ол басым түседі деп ойлаймын», - дейді Санчес. Бұл мәлімдемені Boxingnews24.com сайты жария етті.