Бұл – жай ғана сандар емес
- Қаржылық талдау дегенде, ең алдымен бухгалтерлік есеп пен баланстар еске түседі. Алайда бұл – айсбергтің тек көрінетін бөлігі. Нағыз талдау бизнестің қай бағытта дамып жатқанын, өсу нүктелері қайда екенін және қандай шешімдер ең жоғары нәтиже беретіні туралы нақты түсінік береді, – дейді Марат Садбеков.
- Заманауи қаржылық талдау мыналарды қамтиды:
трендтерді болжау
тәуекелдерді бағалау және басқару
шығындарды оңтайландыру
стратегиялық шешім қабылдауға арналған аналитикалық модельдер құру.
Бұл – мәліметтерді, технологияны және сарапшылардың бағалауын біріктіретін кешенді тәсіл.
Анализге қызмет ететін цифрлық құралдар
Бұрын қаржылық талдау күрделі әрі көп уақыт алатын үдеріс болатын. Қазір технологиялардың арқасында оның мүмкіндіктері едәуір кеңейді. BI-жүйелер, жасанды интеллект, машиналық оқыту және big data – нақты әрі жедел ақпарат алуға жол ашады.
- Технологиялар талдауды жылдамдатумен қатар, сапасын да арттырады. Мысалы, арнайы бағдарламалық шешімдер арқылы ондаған факторды ескере отырып, қаржылық модельдер құрып, нарықтың мінез-құлқын болжауға болады, – дейді спикер.
- Тиімді құралдардың қатарына мыналар жатады:
жеке және корпоративтік шығындарды есепке алу мен талдауға арналған қосымшалар
қаржы саласындағы онлайн-оқыту мен біліктілікті арттыру
қаржылық тәуекелдерді болжау алгоритмдері.
Бұл құралдар қаржылық талдауды жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін де қолжетімді етеді.
Бизнес пен жеке қаржы: бір бағыт, ортақ тәсіл
Қаржыны басқарудағы заманауи тәсіл – күнделікті есептен бастап стратегиялық жоспарлауға дейінгі барлық үдерістерді біріктіру. Бұл ұйымдарға да, жеке адамдарға да қатысты.
- Шағын бизнес те нақты деректер мен болжамдарға сүйенсе, тиімді қаржылық стратегия құра алады. Бұл тәуекелдерді уақытында байқап, мақсаттарды түзетуге және жалпы қаржылық жағдайды жақсартуға көмектеседі, – дейді сарапшы.
- Ол үшін:
тек ағымдағы көрсеткіштерді емес, болашақты да болжау керек
әртүрлі сценарийлерге арналған модельдеу құралдарын қолдану қажет
қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын дамыту маңызды.
Қаржылық сауаттылық – XXI ғасырдың негізгі дағдысы
Қаржылық талдау – тек бухгалтер мамандарға қажет құрал емес. Бұл – бүгінгі таңда бизнес иелерінен бастап, отбасылық бюджет жоспарлаушыларға дейін әр адамға керек дағды.
Қалай немесе неден бастау керек. Кеңес келесідей:
- қаржылық талдаудың негіздерін курстар мен онлайн-платформалардан үйрену
- кірістер мен шығыстарды тұрақты талдап отыру
- нақты деректерге негізделген қаржылық жоспар құру.
Анализ – тәуекелдерді басқару құралы
Марат Садбековтың айтуынша, тиімділік пен тәуекелдерді бағалау қабілеті – заманауи талдаудың ең маңызды аспектілерінің бірі.
- Бір саладағы өзгерістердің басқа салаларға қалай әсер ететінін алдын ала болжауға болады. Бұл тек шығындарды азайтуға емес, сондай-ақ жасырын өсу мүмкіндіктерін табуға көмектеседі, – деп атап өтті ол.
Тәуекелдерді тиімді бағалау үшін:
- қаржылық көрсеткіштердің динамикасын бақылау қажет
- болжамды модельдерді қолдану керек
- дамудың түрлі сценарийлерін құру маңызды.
Қаржылық талдау – болашаққа инвестиция
Бүгінгі қаржылық талдау – жай ғана кіріс пен шығысты есептеу емес. Бұл – стратегиялық басқарудың қуатты құралы. Өзгерістер кезеңінде ол тұрақтылық пен даму кепіліне айналады.
- Қаржылық білімге инвестиция салу – тұрақтылыққа салынған инвестиция. Сандарды талдай білу – болашағыңды басқара білу, – деп түйіндеді маман.
Айта кетсек, балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін жаңа мультфильм жарық көрген болатын.