Сандерс Аляска мен Вашингтонда Клинтонды жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатор Берни Сандерс Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер ретінде кандидатурасын ұсыну құқығы үшін жарыста Хиллари Клинтонды Аляскада және Вашингтон штатында жеңді.

Жергілікті телеарна хабарлағандай, Сандерс Аляскада дауыстың шамамен 79%, Клинтон - 21% жиды.

Вашингтон штатында Сандерске дауыстың 77%, Клинтон 23% бұйырды.

Праймериз сонымен қатар Гавайи штатында жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі кейін белгілі болады.

Вашингтондағы сәтті кездесулеріне қарамастан, Сандерстің жеңіске жетуі үшін ең кемі Калифорния, Нью-Йорк және Пенсильванияда сенімді түрде жеңуі керек. Әлеуметтік сауалдарға қарағанда, олар әзірге Хиллари Клинтонды қолдап отыр.