Сандуғаш Кенжебаева Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 20 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Мааньшань (Қытай) ITF W15 турнирінің жартылай финалына өтті.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева мен ресейлік Софья Лансере ширек финалда қытайлықтар Ифань Сун — Сичэнь Чжаомен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 1:6 есе жібергенімен, екінші сетте есе қайырды — 6:3.

Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:5.

Матч 1 сағат 23 минутқа созылды.

Сандуғаш Кенжебаева — Софья Лансере финалға шығу үшін доданың 1-ракеткалары, қытайлық Юцзя Хуан — тайбэйлік Ю-Юн Ли Х-мен таласады.

Сандуғаш Кенжебаева жекелей сында екінші айналымда әлемнің 348-інші, осы турнирдің 2-ракеткасы, қытайлық Ли Цзуньюй Х-ға жол берді — 1:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Қытайдағы турнирде бір күнде екі жеңіске қол жеткізгенін жазған едік.