Сандық тахографтарды енгізу мәселелері талқыланды
Семинардың ұйымдастырушысы - Көліктік бақылау комитеті және Сауданы ырықтандыру және кедендік реформа бойынша USAID өңірлік жобасы, деп хабарлайды ККМ баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Еуропалық Одақ мемлекеттерімен автомобиль тасымалы бойынша 5,2 мың автокөлік құралы қамтылған. Жыл сайын тасымалданатын жүктің көлемі 1,7 млн. тоннаны құрап отыр. Осыған орай республикада Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипажының жұмысы жөніндегі Еуропалық келісімге қосылу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы Келісімнің негізгі шарттарының бірі 2010 жылдың 16 маусымына дейін сандық тахографтарды енгізу болып табылады. Өз кезегінде бұл Еуропалық келісім ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарына өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Осыған орай ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген заң жобасында «Автомобиль көлігі туралы» Заңына түзетулер енгізу қарастырылған, атап айтар болсақ, сандық тахографтарды қолдану тәртібін реттейтін 9-1-бабымен толықтырылды.
Осылайша республикаішілік тасымалдаулар бойынша сандық тахографтарды қолдануы міндетті қатынастар түрі ұлғайып келеді. Мұнда қолданыстағы тахографтарды да, сандық тахографтарды да пайдалану рұқсат етіледі. Себебі Қазақстанда қазіргі кезде қазіргі қолданыстағы тахографтарды сандық тахографтарға ауыстыру тасымалдаушыларды үлкен шығынға ұшыратады.
Анықтама: Сандық тахографтардың артықшылығы - қозғалыс жылдамдығын, жүріп өткен жолды және жүргізушілердің демалыс және еңбек режимін үздіксіз тіркеуі болып табылады. Көрсетілген құрылғы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, қалааралық және халықаралық тасымалдауда орын алатын апаттың басты себебі жүргізушінің шаршауына немесе көліктің осы типіне рұқсат етілген жүру жылдамдығын шектен асыруға байланысты.
Сандық тахографтың қазіргі қолданыстағы тахографтан айырмашылығы - ақпаратты бір жыл бойы сақтай алатын энергиялық тәуелсіз жадысының бар болуы және жадыға жазылған мәліметтерге заңсыз қол сұғудан сақтайтын қорғанышының артықшылығында. Тахографтың көрсеткіші сотта және жолдағы көліктік бақылау кезінде заңды деп танылады. Сондай-ақ тахограф арқылы алынған құжат Еуропалық келісімге қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының айыппұл салуына негіз болып табылады. Бүгінгі күні ЕО мемлекеттерінде өндірілетін автокөлік құралдары зауыттан тек сандық тахографтармен шығарылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда сандық тахографтар жүйесін, қызмет көрсету шеберханалары желісін, эмиссия карточкаларының жүйесін, ұлттық базаны енгізу, барлық тасымалдау үрдісіне қатысушыларды, оның ішінде жүргізушілерді, мастерлерді, инспекторларды, әкімгерлерді оқыту дайындығы жүргізілуде.
Өткен семинарда проблемалық мәселелер қаралып, қызметтің негізгі басымдықтары анықталды.