Сандық телевидениеге көшу мерзімі кейінге шегерілді

Ы. Қарашаның 25-i. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сандық теледидар  тұжырымдамасы одан ары жетілдіріледі.  Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан екінші медиа құрылтайда айтылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық дағдарыс сандық телевидение жобасына  әсер етті. Оған 2010 жылы көшуіміз керек еді. Дағдарысқа байланысты бұл жоба кейінге қалдырылып отыр», деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебаев.  Бұл құрылтай кезінде бірқатар ұйымдар сандық телевидениені енгізуге қатысты өз ойларын ортаға салған болатын. Сандық теледидар  тұжырымдамасы алдағы уақытта бұдан ары жетілдірілетін болды.  Ғазиз Телебаевтың айтуынша,  бұл жұмысқа барлық мүдделі тараптар қатыстырылады.  Сондай-ақ бұған дейін 2010 жылы басталады деп жоспарланған аталмыш жоба әзірге 1-2 жылға  шегерілмек.