Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімінде болған өрттен келген материалдық шығын анықталуда
11:48, 21 Желтоқсан 2009
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімі әкімішілік кеңсесінде криминалистика кабинетінде өрт шығып, әжептәуір материалдық шығын келтірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудандық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.
Өрт кеше 12 сағат 45 минутта басталып, 13 сағат 15 минутта ауыздықталған. ТЖ аудандық бөлім бастығы Александр Ереминнің айтуынша, тілсіз жау он шаршы метрден астам кабинетті шарпып, ақпарат топтастырылған компьютер, суретті үлкейткіш, екі магнитофон жанып кеткен. Сол минутта қызметтегі 30 адам апатты ортадан аластатылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 өрт сөндіруші мен екі техника қатыстырылған.