Сандықтау ауданында «Жол картасы» бойынша 139 миллион теңге қаржы игерілді

None
КӨКШЕТАУ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында қолға алынған «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 139 миллион теңге қаржы игеріліп, әлеуметтік маңызды нысандар мен ауыл арасы жолдары ретке келтірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы уақытта 7 білім ошағы, бір денсаулық нысаны ағымдағы және күрделі жөндеу шараларымен қамтылған болатын. Соның барысында 71 жаңа жұмыс орны ашылып, 103 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды, 35 жас буын жастар тәжірибесіне тартылды. Оның сыртында 44 адам кәсіби қайта даярлау және қосымша мамандықты меңгеру куpстарында білім алды.

 Приозерное ауылында су жүйесін қалпына келтіру ісіне бюджеттен 58 миллион теңге бөлініп, су құбырлары алмастырылды, 25 суағар орнатылды. Мәдениет ауылында отыз жыл жөндеу көрмеген білім ошағын қалпына келтіруге бюджеттен 46 миллион теңге қарастырылып, жаңғыртылған мектепте жаңа оқу жылы басталды. Каменка ауылында пошта ғимаратының құрылысы аяқталып қалған. Осынау ауқымды жұмыстардың дені жергілікті тұрғындардың көптеп қатысуы нәтижесінде шешімін тапты.