Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, Балкашин ауылында бой көтерген 18 пәтерлі тұрғын үйден мемлекеттік қызметшілер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар баспаналы болды. Тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынды. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың басында басталды. Оған республикалық бюджет есебінен 102,7 миллион теңге, облыстық бюджеттен 11,4 миллион теңге қаржы бөлінді.
Еске сала кетейік, жақында Көкшетауда 90 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Жалпы, жыл басынан бері Көкшетау қаласы бойынша барлығы 170 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылып, 1700 адам баспаналы болды.