Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған мерзімде санитарлық авиацияны шақыруға негіз болған себептер бойынша алғашқы орында балаларға шұғыл көмек көрсету қажеттігі (160 оқиға) тұр. Одан кейін: жаңа туылған нәрестелерге жедел көмек көрсету (138 оқиға), акушерлік тәжірибеде шұғыл көмек (130 оқиға), қан айналымы жүйесі аурулары және жарақаттанушылық сияқты себептер бар.
«Әуе көлігімен көрсетілетін медициналық қызмет көлемінің артуы Қазақстанда санитарлық авиацияның дамып келе жатқанын және республика тұрғындарының оған мұқтаж екенін көрсетеді. Санитарлық авиация республикалық орталығы қызметкерлері «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыруда барлық қажетті іс-шараларды қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.