Санитарлық дәрігерлер Жаңа жылды қалай өткізу қажеттігі туралы кеңес берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰЭМ-нің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері ел тұрғындарына Жаңа жылды қалай атап өту қажеттігі жөнінде кеңес берді.

«Жаңа жыл қарсаңында корпоративті кештердің көптеп ұйымдастырылатыны белгілі. Осы ретте мейрамханалар мен дәмханалардың иелерін тағамнан уланып қалу жағдайларына сақ болуды ескертеміз. Қызмет көрсетушілер жеке бас гигиенасы мен тағамдардың тазалығына мұқият болулары керек. Азық-түліктер тыңғылықты тазаланып, көкөністер мен жемістер жақсылап жуылғандары жөн. Шикі және піскен тағамдар үшін пайдаланылатын құралдар тек өз мақсаты бойынша ғана қолданылуы керек»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар мамандар түрлі тағамдарды дайындау барысында бұзылмаған, сапалы азық-түліктерді пайдалануға кеңес береді. Шикі өнімдерді піскен тағамдардан міндетті түрде бөлек ұстап, майонез бен қаймақтан жасалатын тағамдарды шектен тыс көп дайындаудың қажетті жоқ. Жұмыртқа қосып, құс етінен дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігін қадағалау қажет.

Ведомство өкілдері дастарханды мерекелік шара басталмас бұрын, тым ерте дайындаудың қажеті жоқтығын айтады. Дайындалған тағамның барлығын қажетті темпаратурада сақтап, оларды сақтау мерзімінің өтіп кетпеуін қадағалаған жөн.